• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

03 Қазан, 16:29:28
Алматы
+8°

Қазақстанда сұйытылған газ бағасының көтерілуінен басталған  халық наразылығы мен оның жаппай тәртіпсіздікке ұласуына байланысты түркі елдерінің сарапшылары пікір білдірді.

Қырғызстанның бұрынғы премьер-министрі Феликс Кулов Тоқаев "қауіпсіздік күштеріне толық сене алмағандықтан Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымынан (ҰҚШҰ) көмек сұрады"деп санайды.

– ҰҚШҰ күштері Қазақстанда аз ғана уақытқа барды. Ресей әскерінің Қазақстанға көмекке келуі Қазақстанды басып алу әрекеттерін білдірмейді, – деді Кулов.

Қырғыз саясаттанушысы Медербек Қорғанбаев Қазақстандағы оқиғаларға кландар арасындағы күрес деген баға берді.

– Бұқаралық ақпарат құралдары Қазақстандағы негізгі тиімді секторлар, мұнай мен шикізат экспорты, кадр саясаты, сауда мен бизнес экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың билігінде болғандықтан ол қазіргі президент Тоқаевқа кадр құрамдарына өзгерістер енгізуге мүмкіндік бермей, тәуелсіз шешімдер қабылдауға кедергі келтіріп  қысым жасап жатыр, – дейді саясаттанушы.

Қорғанбаев Қазақстанның сыртқы және ішкі саясаты қайта қаралып, елге жаңа саяси реформалар қажет деген пікірде.

Түркия басылымдары Қазақстандағы жаппай тәртіпсіздік Ресей тарапынан ұйымдастырылуы мүмкін екенін айтады.

Түркия басылымдары Қазақстандағы наразылық пен террорлық топтың әрекеті  Ресейдің ойыны болуы мүмкін деп жарыса жазды. Жақында ғана Ыстамбұлда өткен түркі кеңесін Ресей жатырқамай қарағандығын да алға тартты.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір