Ақмола облысының бас санитар дәрігері А. Мусина карантин шараларына өзгеріс енгізді.
Қаулыға сәйкес:
- "Ashyq" жобасына қатыспайтын объектілерде ойын-сауық, ұжымдық, отбасылық, естелік іс-шараларды, оның ішінде үйде (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар және т.б.) және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге және оларға қатысуға тыйым салынады;
- облысаралық, қалааралық тұрақты автобус және шағын автобус тасымалы тоқтатылады;
- караоке, бильярд, компьютерлік клубтар, банкет залдары, боулинг, мәдени обьектілер, кинотеатр, театр, концерт залдарының жұмысы тоқтатылады;
- гүлдер дүкені, фотосалон, кітапхана, мұражайлардың жұмысына рұқсат беріледі;
Қаулы 2022 жылдың 14 қаңтары сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді.
Пікір қалдыру