Болгария Ресей салып бермек болған АЭС құрылысынан бас тартты

/image/2022/02/15/crop-16_114_830x1476_depositphotos_235034756_xl-pic4_zoom-1500x1500-72091.jpg

Болгария Белене қаласында АЭС салу идеясынан бас тартты. АЭС құрылысын Ресей жүргізуге тиіс болған. Алайда атомэлектрстансасын өзге "Козлодуй" қаласынан салуды ойлап отыр, деп хабарлады gazeta.ru сайты.

Елдің премьер-министрі Кирил Петков Беленеде АЭС реакторлары салынбайтынын, жаңа реакторларды "Козлодуй" қаласында салу мүмкіндігі қаралып жатқанын мәлім етті bTV  телеарнасына берген сұхбатта.

2006 жылы Болгарияның ұлттық электрэнергетика компаниясы "Росатоммен" Беленеде АЭС құрылысын салу туралы келісім жасасқан.

Ел үкіметі жобаға 1,5 млрд еуро жұмсап, 2009 жылы "Беленедегі" құрылыс тоқтатылған. 2012 жылғы наурызда АЭС салудан бастарту туралы шешім қабылдады. Алайда ол кезде "Росатом" реакторлардың алғашқы комплектін жасап үлгерген. 2016 жылы Болгария "Росатомға" 601 млн еуро өтемақы қайтарып береді.

2018 жылы елдің сол кездегі премьер-министрі Бойко Борисов Болгария Беленедегі құрылысты жандандыратынын, оны стратегиялық инвестор арқылы конкурстық процедура негізінде жүргізетінін мәлім еткен. "Росатом" құрылысқа халықаралық кооперация аясында жобаға қатысуға әзірлігін жеткізді.

2020 жылғы мамырда "Росатом", Framatome SAS және GE Steam Power Беленедегі АЭС құрылысы бойынша меморандумға қол қояды. Алайда пандемияға байланысты конкурстық процедуралар кейінге қалдырылды.

2021 жылғы қаңтарда Болгария "гибридтік" атом реакторын салатыны, "Беленедегі" АЭС құрылысынан кезекті рет бас тартатыны, "Росатом" орнатқан жабдықтар "Козлодуй" электрстанциясына салынатын жаңа реакторға орнатылатыны белгілі болды.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар