Фото: Ашық дереккөз
АҚШ президенті Джо Байден Ақ үйден сөйлеген сөзінде Мәскеу Украина шекарасы маңынан әскерлерін кері қайтарып жатыр деген ақпарат анық емес екенін мәлім етті.
Бірақ Мәскеуден келген аралас сигналдар кезінде Вашингтон мен Еуропадағы көшбасшылар "соғыстың алдын алуы мүмкіндігі бар" деді. Сонымен қатар абайлап, оптимистік көзқараста болу керек екенін мәлімдеуде.
"Егер Ресей өз күштерін кері қайтарса, бұл – жақсы, бірақ біз мұны әлі растаған жоқпыз. Шынын айтқанда, біздің сарапшыларымыз олардың қауіп төндіретін позицияда екенін көрсетеді" деген Байден Ресейдің Украина айналасыда 150 мыңнан астам әскері бар екенін атап өтті. Оның сөзінше, бұл бұрынғы 130 000-ға жуық деп есептелгеннен айтарлықтай көп. Байден "басқыншылық әлі де мүмкін екенін" айтады.
АҚШ президенті Ресейдің дағдарыстан дипломатиялық жолмен шығу жолын таба алатынына сенімді екенін де жеткізді.
Бұған дейін Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ президенті Джо Байден телефон арқылы сөйлескен.
"Егер оның қалауы болса, біз Ресей, АҚШ және Еуропа елдері арасында қауіпсіздік мәселелерін шешудегі жазбаша келісімге келу үшін жоғары деңгейде дипломатияны жалғастыруға дайын екенімізді көрсетеміз" деді Байден.
Ол ресейліктер келіссөздерді жалғастыруға дайын екенін білдіргенін де атап өтті.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір