• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

12 Қараша, 07:29:14
Алматы
+12°

Ғылым және жоғары білім министрлігі әлеуметтік желілердегі таралған жоғары оқу орындарына арналған жеңілдетiлген тұрғын үй бағдарламасы туралы ақпарат жалған екендігін хабарлады.

19 шілде күні әлеуметтік желілерде https://mongov.kz сайтына сілтеме жасай отырып, ЖОО қызметкерлері арасында тұрғын үйге қажетті тізім жасау үшін сауалнама толтыру сұралған хабарландыру тараған. Министрлік аталған сайттағы ақпарат алаяқтық әрекет екенін, олардың негізгі мақсаты – жоғары оқу орындарының қызметкерлері туралы жеке деректерді жинау екенін мәлім етті.

"Ғылым және жоғары білім министрлігі жалған ақпарат таратудан бас тартуға шақырады және Министрліктің бастамалары туралы хабарлау қажет болған жағдайда электрондық құжат айналымы жүйесіне енгізілген ресми ақпарат арналары пайдаланылатынын мәлімдейді. Аталған оқиға бойынша ақпарат құқық қорғау органдарына берілді" делінген министрлік мәлімдемесінде.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: алаяқтық

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір