14 Қазан, 2022 NEWS
Фото: Видеодан скриншот
Бүгін таңертең әлдекімдер Elmedia медиа ресурсының редакциясы орналасқан бизнес-центр есігінің әйнегін шағып, кіре-беріске "Elmedia. Kz News" деп жазып кеткен. Бұл туралы медиа жоба telegram каналында хабарлады.
Редакция бұл әрекетті қатардағы бұзақылық емес, журналистерге бағытталған агрессивті ескерту деп санайды.
"Бұл – шабуыл екені сөзсіз. Бұны БАҚ-қа жасалып жатқан өзге да шабуылдармен қатар қарау керек. Жуырда ғана әлдекімдер "Орда.КЗ" порталы редакциясының есігіне басылым бас редакторы Гүлнәр Бажкенованың есімі жазылған шошқаның басын тастап кеткен еді. Телефон терроризмі, ашық қоқан-лоқы жасауға өзге де тәуелсіз журналистер ұшырап жүр. Elmedia жобасының жетекшісі Гүлжан Ерғалиеваға қарсы шабуыл жасалып келе жатқанына екі айдан асты. Енді ашық "сәлемдеме" алып отырмыз" деген журналистер шабуылдар редакцияның дұрыс бағытта келе жатқанын көрсетеді деген пікірде.
Әділ сөз баспасөзді қорғау қоры Elmedia сайты мен бас редактор Гүлжан Ерғалиеваның жеке телефоны бұған дейін DDoS шабуылына ұшырағанын хабарлады. Одан бөлек Ерғалиеваның телефоны интим қызмет ұсынатын сайттарда жарияланып, ізінше келіп түскен сансыз қоңыраулар журналиске жұмыс істеуіне мұрша бермеген.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір