Алматы облысында жоғалған балалар бір тәулік ішінде табылды, деп хабарлады Polisia.kz. Тау арасында бір күн бойы адасып жүрген балаларды жергілікті тұрғын тауып алған.
"Кәмелетке толмағандарды іздестіруге өңірдің жеке құрамы дереу бағытталды және полицияның барлық кешенді күштері мен нарядтарына бағдарлар жіберілді. Алматы облысы Полиция департаменті бастығының жеке бақылауында болған іздеу іс-шараларына еріктілер де қосылды. Нәтижесінде кезекші тәулік ішінде кәмелетке толмағандарды Бесағаш ауылынан 12 шақырым жерде Бесқайнар ауылдық округінің таулы жерінен “Табаған” ТА бағытында жергілікті тұрғын тапты. Қазіргі уақытта кәмілетке толмаған балалар үйлеріне аман-есен оралды" делінген хабарламада.
Пікір қалдыру