• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

03 Қазан, 16:33:47
Алматы
+8°
Өзбекстан энергетика министрі Ресейдің газ одағын құру туралы ұсынысын өткір сынап, Ташкент ұлттық мүддеге қатер төндіретін саяси жағдайға келіспейтінін мәлім етті, деп жазады Reuters.com агенттігі.

Басылым Ресей өткен айда газды үшінші елдерге, соның ішінде Қытайға жеткізуді қолдау мақсатында Қазақстан және Өзбекстанмен газ одағын құруды талқылап жатқанын хабарлағанын атап өткен.

Өзбек министрі Жорабек Мырзамахмұдов Өзбекстанға әзірге ұсыныс түспегенін, тіпті Ресеймен газға байланысты келісім жасалғанымен, ол одақ дегенді білдірмейтінін айтты.

"Егер біз өзге елдерден газды импорттасақ, ол тек сату-сатып алу коммерциялық келісім-шарты аясында серіктестік құрамыз. Газды саяси шарттарға айырбастамаймыз. Қысқасы, газ келісім-шарты соған келіскенде ғана қабылдаймыз, олай болмаған жағдайда бас тартамыз" деді министр.

Reuters Өзбекстанның Ресей ұсынысына салқын қарауы Мәскеудің бұрынғы одақтас республикаларға сөзін өткізуде қиындық туып жатқанын көрсетеді деп санайды.

Ресей тарапы жоғарыда аталған ұсынысты 28 қараша күні президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресейге сапары барысында жасаған. Оны Ресей президенті Владимир Путин өзі айтқан. Қазақстан мәселені зерделейтінін жеткізген.

Қазақстан мен Өзбекстан Ресейдің Украинаға басқыншылығын ресми деңгейде қолдамайды да, айыптамайды да. Кей сарапшылар, мұндай бейтараптықты Мәскеуден алшақтауды білдіретінін, Ресейдің саяси ықпалы мен экономикалық үстемдігі алшақтықты ашық көрсетуге мүмкіндік бермейтінін айтады. Алайда жуырдағы президент болып сайланған Қ.Тоқаев ант қабылдау рәсімінен кейін бірден Ресейге сапармен барып келді.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Газ одағы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір