"Отбасы банк" АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова жылжымайтын мүлік нарығында келер жылы 2 тренд байқалуы мүмкін екенін айтты.
Біріншісі, алғашқы нарық пен қайталама нарықтағы баға бөлініп, екі түрлі тренд байқалуы мүмкін. Ләззат Ибрагимованың сөзінше, бүкіл әлемде жаңа үйлер ескі үйлерге қарағанда қымбатырақ жүреді. Ал Қазақстанда қос нарық бір-бірімен өте тығыз байланыста.
"Орналасқан жеріне байланысты 1963 жылғы үй бағасы экономикалық, қаржылық алғышарттар жоғына, әртүрлі құрылыс материалы, технология, сәулет стилі қолданылғанына, аулалардың, алаңқайлардың әртүрлілігіне қарамастан, 2021 жылғы үй бағасымен бірдей болуы мүмкін. Меніңше, 2023 жылы екі нарық бөлініп, баға әртүрлі болады" дейді сарапшы.
Ләззат Ибрагимова жылжымайтын мүлік нарығындағы екінші тренд ретінде қайталама нарықтағы бағаның қатты құлай қоймайтынын, жаңа үйлер қымбаттай түсуі ықтимал екенін айтады.
Сатушылар пәтерін ойындағы бағаға өткізу үшін пәтер сатуға асықпауы қайталама нарықтағы бағаның қатты өзгермеуіне әкеледі.
"Ал алғашқы нарықта қазір ұсыныс азайғаны байқалады. Салынып жатқан жаңа нысандар көп емес. Алдағы 18 айда құрылысшылар пәтерлерді тезірек сату үшін жеңілдік жасайды,. Бұл орташа мерзімде алғашқы нарықтағы бағаны өсіреді" дейді "Отбасы банк" АҚ басқарма төрағасы.
Пікір қалдыру