Ресейлік журналист Леонид Млечин "Қайғылы қаңтар: Президент Тоқаев және сабақ шығару" кітабында қаңтар оқиғасы кезінде күш құрылымдары президент Қ.Тоқаевты ақпараттан оқшаулап, бұрыс деректер берді деп жазған.
Журналистің жазуынша, күш құрылымдары президентті 4-6 қаңтар күндері ақпараттық изоляцияда ұстап, үрей тудыру үшін тәртіпсіздік ауқымы мен облыс орталықтарына шабуыл жасаушылар санын көбейтін жеткізген. Тіпті Ақордаға шабуыл жасау туралы жоспар бары туралы да айтқан.
Леонид Млечин Тоқаевтың ескертусіз оқ ату туралы бұйрығы осындай аласапыран жағдайда шықты, алайда ол бұйрық төтенше жағдай талабына бағынбаған қаскөйлерге бағытталған еді, ал сол кезде қорғаныс министрлігін басқарған Мұрат Бектанов өкілетін асыра пайдаланып, күшті орынсыз қолданды" дейді.
Бейбіт демонстранттардың оққа ұшуын қазір қамауда отырған экс-министрге жаба сөйлеген журналист бүгінгі күн көзімен қарағанда президент дұрыс шешім қабылдап, елді хаостан аман алып қалды деп санайды. Сондай-ақ ол Тоқаев қаңтар оқиғасынан дұрыс сабақ шығарды, президенттің көптеген өкілетінен бас тарту арқылы жеке диктатура режимінен кетуді бастады дегенді айтады.
Журналист әлеуметтік желіде әлдекімдер Кәрім Мәсімовты тергеу барысында Нұрсұлтан Назарбаев қайтадан президент болып 3 жыл отыруды жоспарлағаны, Кәрім Мәсімовке шексіз мүмкіндік бере отырып премьер-министр лауазымын уәде еткені туралы белгілі болғанын айтып жүр дейді. Бірақ нақты дереккөзді көрсетпейді.
Дереккөз: КазТАГ сайты
Пікір қалдыру