Фото: Ашық дереккөз
Түрік сейсмологі Доган Перинчек Дарданелл бұғазының жағасындағы портты қала Чанаккале аймағында 7 балдық зілзала болуы мүмкін екенін айтты, деп жазады РИА Новости.
Оның сөзінше, оңтүстік-шығыстағы жер сілкіністері өте үлкен аумақ – 470 шақырымды қамтыған. Ал афтершоктар негізгі дүмпумен теңесіп, магнитудасы 6,6-ға жеткен.
"Соңғы 10 күнде Мәрмәр теңізінен Чанаккаледегі сейсмикалық белсенділіктің жоғарылауын байқадым. 10 жылдан астам уақыт бойы арнайы карталар арқылы елдегі сейсмикалық белсенділікті күнделікті бақылау және талдаумен айналысып келемін. 3 жылдан бері Чанаккаледе жер сілкінісі болады деп болжап жүрмін" деді ғалым.
Ол бұл аймақта шамамен 250 жылда бір рет өтетін жарылыс магнитудасы қуаты 7 балдық жер сілкінісіне себеп болатынын атап өтті.
"Бұл аймақта шамамен 250 жылда бір рет болатын жер сілкінісі шамамен 7 балдық дүмпуді тудырады. Бұл – соңғы рет 287 жыл бұрын болған. Уақыт келді, кез келген уақытта онда дүмпу басталуы мүмкін" дейді сейсмолог.
Түркия мен Сириядағы жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 12 мың адамнан асып кетті. Адамдар үйінді астында жатқанына үшінші күн болғандықтан, құрбандар саны әлі де арта түседі деген болжам бар.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір