Астана қаласы Байқоңыр ауданының 2 сотында Гүлмира Сатыбалды соңғы сөзін айтты. Ол өзін жаңа Қазақстанның бұрынғы саяси режиммен күресуінің құрбаны ретінде көрсеткен.
Гүлмира Сатыбалды Тұрсын Алагөзовті "Galanz bottlers" АҚ компаниясының 43% акциясынан бас тартуға мәжбүрлеген деп айыпталған болатын.
"Үш еркектің бір әйелден қорыққаны ма? Ревшанов, Бердіқұлов және Алагузов сөз байласып, Қазақстанның барлық судьяларын алдап соқты", – деді Сатыбалды.
Ол тағылған айыпты жартылай ғана мойындап, соттан өзін ақтап алуды сұрады. Сонымен қатар, сотта Гүлмира Сатыпалдының қызы анасын босатуды сұрап, Тоқаевқа үндеу жасаған.
Пікір қалдыру