Маңғыстау облысындағы "Жетібаймұнайгазда" бір жұмысшы қаза болды

/image/2023/05/02/crop-4_29_324x576_f1bcd0588dd3ba5fac8b569c8fe9957a_resize_w_742_h_365.jpeg
"Маңғыстаумұнайгаз" компаниясына қарасты "Жетібаймұнайгаз" өндірістік бірлестігінде дәнекерлеу жұмыстары кезінде "жарылыс" болып, бір жұмысшы опат болды. Бұл жөнінде "Маңғыстаумұнайгаз" компаниясының баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенген Lada.kz сайты жазды.

Ақпаратқа қарағанда, оқиға 29 сәуірде сағат 16.42 шамасында "Жетібаймұнайгаз" ұңғымасында болған. Ұңғымада "Великая стена" компаниясының бригадасы жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан. Сол кезде "жарылыс" болған.

"Алған жарақаттан оқиға орнында электр дәнекерлеуші, Қазақстан азаматы қаза болды, бұған қоса, ұңғыма қондырғысының маманы, Қытай азаматы басынан жараланып, ауылдық ауруханаға жеткізілген. Оқиға орнына Маңғыстау ауданы полиция қызметкерлері келді" деп жазылған компания хабарламасында.

 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар