Қырғызстан президентінің жиені жемқорлықпен ұсталды

/image/2023/07/07/crop-11_37_376x669_72301c9a-8df5-471e-ac8d-f2aa866db120.jpeg

Бішкекте Қырғызстанның қазіргі президенті Садыр Жапаровтың жиені Ұлан Жапаров ұсталды. Бұл туралы Sputnik Қырғызстан хабарлады.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, Ұлан Жапаров сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікпен ұсталған. Президенттің баспасөз хатшысы Ербол Сұлтанбаев бұл мәліметті растады.

Ішкі істер министрлігі оны кедендегі сыбайлас жемқорлық схемаларына қатысты деген күдікпен ұстаған. 

"Бұл туралы хабар жеткеннен кейін президент күдіктілерге заңды шара қолдануды талап етті. Бұл жағдай сыбайлас жемқорлықпен күресте іріктеу жоқтығын тағы бір мәрте көрсетті. Туыстық және басқа да байланыстарына қарамастан кез-келген азамат қылмыс немесе құқықбұзушылық жасаған жағдайда заң шеңберінде жауапкершілікке тартылады" - деді Сұлтанбаев.

 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар