Ресейдің Украинаға басып кіруін қолдайтын ресейлік әнші Григорий Лепстің Қырғызстан мен Өзбекстанда концерті тоқтатылды.
Лепстің Қырғызстандағы концерті 2 тамызда, Өзбекстандағысы 31 қазанда өтуі керек еді. Алайда екі елде де халық Лепстің келуіне үзілді-кесілді қарсы болды.
Еске сала кетейік, маусым айында оның Қазақстандағы концерті де осы себеппен болмай қалған еді. Кейіннен Лепстің директоры енді Қазақстанға келмейтіндерін айтқан болатын.
Пікір қалдыру