Антикор басшысының бұрынғы орынбасары сотталып жатыр

/image/2023/07/07/crop-55_-1_631x1121_a3202bcf-5c3a-4a2c-99d3-6aa32299a3dd.jpeg

Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық сотында қаланың бұрынғы прокуроры және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бұрынғы орынбасары Мақсат Қожабаевтың соты басталды.

Ол алаяқтық жасады деп айыпталған.

"Қожабаев 2021 жылы 5 желтоқсан мен 2022 жылы 29 қаңтар аралығында өзінің қызметін  пайдалана отырып,  бөтеннің мүлкін ұрлау, алдын ала сөз байласу бойынша адамдар тобымен аса ірі мөлшерде ақша жымқырды", – делінген айыптау актісінде.

Еске сала кетейік, Мақсат Қожабаевты ҰҚК қызметкерлері сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық жасады деген күдік бойынша сотқа дейінгі тергеу шеңберінде 9 қаңтарда ұстаған болатын. Бірақ ол кезде оның қандай құқықбұзушылық екені айтылмаған еді.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар