11 Сәуір, 2024 Барлық аймақтар
«Қиын-қыстау, қилы заманда» деп басталатын «Біз біргеміз» әні үшін автор кешірім сұрады
Елдегі болып жатқан оқиғалардың барлығында осы ән фон ретінде қолданылады
Фото: ашық дереккөзден
Елде төтенше жағдай болғанда халықты біріктіретін әннің бірі Ибраһим Ескендір орындайтын «Біз біргеміз» болып тұр. Желідегі видеоларға да осы ән фон ретінде қойылып жүреді. Бірақ соңғы кездері елдің бұл әннен жалыққанын байқап жүрміз. Қазіргі кезде Құлсарыдағы су тасқынынан зардап шеккен жергілікті халыққа көмектесіп жүрген айтыскер ақын Сырым Әуезхан осы әннің сөзін жазған. Ол әнге байланысты халықтан кешірім сұрады.
«Қиын-қыстау, қилы заманда, не болмаған байтақ даламда деп басталатын әннің авторы мен едім. Құлсарыға келгелі ең көп естігенім – осы әнді құрту керек деген сөз. Халықтан кешірім сұраймын. Екіншіден, әннен басқа да себептерді қарастырып көрсеңіздер деген ұсыныс бар. Осы әннің артынан жақсы мағыналы, елге пайдалы, елдің рухын көтеретін ән жазсам ба деген ниет бар. Сондай әншілер болса хабарласыңыздар», - деді ол.
Желі қолданушыларының бұған қатысты пікірлері әртүрлі.
«Тым жақсы ән. Халыққа бірлікке шақырып тұр ғой. Шынымен де, қазақтың басынан не өтпеді?», «Бұл күлкі емес. Не жазсаңда, жақсы сөзімен, жақсы әуенімен жазшы қарағым», «Керемет ән! Нағыз қазақ халқы үшін жазылған ән!», «Бәріне ұнайтын ән деп ойлаймын», «Қиын қыстау қилы заманда деп бастаған бойда, көз алдыма Бейнеудің тамақ дайындап жатқан қазандары елестейтін болды», «Осы өлең шыққан жерде бір проблема шығып тұрады», - деген пікірлер бар.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір