12 Сәуір, 2024 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Еліміздің 8 өңірінде су тасқынының беті қайтар емес. Тасқын салдарынан қауіпсіз жерге көшірілген тұрғындар саны 100 мыңға жақындаған. Бұл туралы ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Ерасыл Сайпаш мәлімдеді.
"Су тасқыны басталғалы бері Азаматтық қорғаныс қызметтері 99 869 адамды, оның ішінде 36 591 баланы қауіпсіз жерлерге жеткіді. Уақытша орналасу пункттеріне 6 586 адам, оның ішінде 3 197 бала орналасты. 9 млн текше метр еріген қар суы сорып шығарылды, 1,6 млн қапшық және 1,2 млн тонна инертті материал төселді. Бүгінгі таңда авариялық-құтқару жұмыстарында 34 272 адам, 4 мың техника, 17 әуе кемесі жұмылдырылды" – деді ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір