• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Шілде, 12:20:26
Алматы
+35°

FlyArystan қазақстандық лоукостері өзінің әуе флотын толықтыру жұмыстарын жалғастырып жатыр. Әуекомпания сыйымдылығы 188 және 180 орынды құрайтын Airbus A320 NEO және Airbus A320 CEO екі әуе лайнерін иеленді. 

"Жаңа әуе лайнерлерінің келуі әуекомпанияның ішкі және халықаралық маршруттар желісін одан әрі кеңейтуіне ықпал ете отырып, Қазақстан ішінде және шет елдерге әуе тасымалдарын дамытуға деген ұмтылысымызды көрсетеді. Осы жазда біз Бішкек, Баку және Ыстамбұл қалаларына халықаралық рейстерді қайта іске қосып, жиілігін арттырдық. Сондай-ақ, Қазақстанның барлық өңірлеріндегі сұранысты қанағаттандыру үшін ішкі нарықта кеңеюді жалғастырудамыз. Ішкі әуе қатынасы қарқындылығының өсуі FlyArystan-ның туризмді, бизнесті және әлеуметтік өмірді дамытуға серпін беретін негізгі құндылықтарының бірі болып табылады" - деп мәлемдеді FlyArystan президентінің міндетін атқарушы Ричард Леджер. 

Дәстүр бойынша әуе компаниясының жаңа ұшақтарының атауын жолаушылары таңдады. Олар "Антарес" (Airbus A320 CEO) және "Капелла" (Airbus A320 NEO) жұлдыздарының аттарын алды.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: FlyArystan

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір