Алматыда бүгін жеке тұрғын үй өртеніп, тілсіз жау бес адамның өмірін қиды, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы Алматы қалалық ТЖД-ге сілтеме жасап.
Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, өрт Жетісу ауданы Венецианова көшесіндегі 51-үйде болған.
«Қаза болғандардың барлығы ересек адамдар, ішінде балалар жоқ», - делінген ТЖД таратқан баспасөз хабарламасында.
Қазір арнайы мамандар өрттің шығу себептерін анықтау үстінде.
Пікір қалдыру