Ақтау әкімінің орынбасары бір күн жұмыс істеп, кетіп қалды

/uploads/thumbnail/20250313135235489_big.webp

Әсет Шопанов наурыздың үші күні Ақтау қаласы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалған болатын. Алайда шенеунік келесі күні-ақ жұмыстан шығып кеткен.

Ақтау қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Әсет Шопанов 4 наурыз күні қызметінен өз еркімен кеткен.

Әсет Шопанов Ш.Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолын 2002 жылы Бейнеу ауданы әкімі аппаратының бас маманы болып бастаған, 2003-2018 жылдары Бейнеу ауданы әкімдігінде түрлі лауазымдарда қызмет атқарған.

2018 — 2020 жылдары Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында әртүрлі лауазымдарды атқарды.

2020 — 2022 жылдары Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.

2022 — 2024 жылдары Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы болды.

 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар