Бурабайда IV Ұлттық құрылтайдың отырысы аясында секциялар өтіп жатыр.
Секцияға қатысқан заңгер, Ұлттық құрылтай мүшесі Айгүл Орынбек қоғамдағы өзекті мәселені көтерді.
Ол мешіттер жайлы да ойын айтты.
- Мешіттерге садақа ретінде көп қаражат бөлінеді. Бірақ оның қайда кетіп жатқаны белгісіз. Беріліп жатқан қаражатқа мүмкін террористерді қаржыландырып отырған шығармыз… Оны мемлекет тарапынан бақылауға алуымыз керек, - деді ол.
Заңгер алдағы уақытта осы ұсыныстардың жемісін көретініне сенім білдірді.
Пікір қалдыру