Қалдықтар қалай игерілуде?

/uploads/thumbnail/20170708151356749_small.jpg

Мәжілісте Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен жалпы отырыста депутат Андрей Бегенеев Қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаровқа депутаттық сауал жолдады.

«Елімізде 30 миллиард тоннадан астам қайталама ресурстар жинақталып қалғаны белгілі. Және соның ішінде 20 миллиард тоннасы тау-кен металлургиялық кешеннің техногендік қалдықтары болып отыр. Және де оларды жеке бір шикізат базасы ретінде алып қарау керек деп атап өтті, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев минералдық ресурстар және металлургия бойынша қазақстандық халықаралық Конгресте.

Бірақ, өкінішке орай, бүгінгі таңда олар ешқандай кәдеге аспай жатыр және олар жинала түсуде. Алайда, қазір көптеген елдер оларды, мысалы, құрылыс материалдарының өндірісінде және экономиканың басқа да саласында тиімді пайдалануда.

Инвестиция тартуда қалдықтардың бір пайызын қайта өңдеу минералдық-шикізат кешенінің екі пайызына дейін азайтуға мүмкіндік беретінін нақты есептер дәлелдеп отыр. Металлургиялық қожы қалдықтарын пайдалану кезінде бетонды алу үшін цементтің шығыны 30-40 пайызға дейін азаяды.

Халыққа арнаған Жолдауында Мемлекет басшысы: «Бізге дәстүрлі өндіруші секторлар тиімділігін арттыру маңызды»,- деп атап өтті.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, мына жайттарды білгім келеді: Біздің елімізде аталған бағытта қандай жұмыстар жүргізілуде және келешекте қалай болмақ?

Осы мәселені қарап, заңнамада белгіленген тәртіпте жауап беруіңізді сұраймын».

26.02.2014

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар