Қоғам белсендісі Бурылға қарулы жасақ кіргеніне наразылық білдірді (ВИДЕО, ФОТО)

/uploads/thumbnail/20170708221425779_small.jpg

Қазақстандық қоғам белсендісі, Болатхан Тайжан қорының президенті Мұхтар Тайжан полиция басшыларының Жамбыл облысы Байзақ ауданы Бурыл ауылында болған халықтық толқуларға қарулы жасақ кіргізгеніне өз наразылығын білдірді, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.

Өзінің Фейсбук әлеуметтік желісіндегі парақшасында Мұхтар Тайжан ауылдағы халық наразылығын басуға барған полиция қызметкерлеріне автомат беру алаңдатарлық жай екенін айтқан.

«Жаппай тәртіпсіздіктерді басу кезінде милицияға (полицияға – ред.) автомат берілуі алаңдатады. Онда тағы да оқты қару бар деп қауіптенемін. Бұған жол бермеу керек. Су шашатын, көзден жас ағызатын құралдар, резеңке оқтар бар, адам өміріне қауіп төндірмейтін қарулар қаншама? Неге ел ішінде мейлі жаппай тәртіпсіздіктерді басу үшін болсын, милицияға автоматтар беріледі? Біз бұған үйренбеуіміз керек. Әлемнің ешбір елінде жаппай тәртіпсіздікті басуға адам өлтіретін қарулар қолданылмайды», - деп жазады Мұхтар Тайжан.

Белсенді сөзіне дәлел ретінде Азаттық сайтынан алынған автомат асынған арнайы жасақ жауынгерінің фото суретін ұсынады.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар