Қарағанды облысының әкімі инвесторларға ағылшынша тіл қатты (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170708221620499_small.jpg

Халыққа есеп берген Қарағанды облысының әкімі жиын үстінде ағылшын тілінде сөйлеп, елді таң қалдырды, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы Tengrinews.kz – ке сілтеме жасап.

Қарағандыдағы кеншілер сарайында өткен есеп беру жиынына өңірдегі компаниялардың инвесторлары да шақырылған екен.

«Жаңа кезең, жаңа міндеттер» де пат қойып, айдар тағылған әкім есебін тыңдауға келгендер өңір басшысының бұрын белгісіз болып келген өнеріне тәнті болған.

Облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков тұрғындар арасында ағылшын тілін меңгерудің төмен көрсеткіштеріне тоқталған.

«Халықтың бар болғаны 4 пайызы ғана ағылшын тілін біледі. Бұл өте аз. Бірақ, жағдай жақын уақытта түзеледі деп сенемін. Шет тілін білу бізге инвестиция тартуға көмектеседі. Қазіргі таңда «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағына осындай жолмен үш жаңа компания шақыртылды. Инвестицияның жалпы құны 21 миллиард теңгені құрайды. Осы сәтті пайдалана отырып, бізбен жұмыс істеп жатқан және келешекте бірге жұмыс істеуі мүмкін инвесторларға ағылшын тілінде тіл қатқым келеді», - деген ол баяндамасын ағылшынша жалғаған.

Бұған дейін Н. Әбдібековтің тағы бір әріптесі, Алматы қаласының бұрынғы әкімі Ахметжан Есімов ағылшынша сөйлеп, жұртшылықтың назарын аудартқан еді.

 

 

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар