Павлодарда жол полициясы қызметкерлері ұрланған көліктің ізіне түіп, талапқа бағынбаған жүргізуші басқарған көлікті соғып тоқтатты, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.
Оқиға кеше болған. Полицияға Ольгинка аулынан Дэу-Матиз маркалы көлік ұрланғаны туралы хабар түседі. Көлік Павлодар-Лебяжье тасжолы бойымен облыс орталығына қарай кетіп бара жатқаны белгілі болады.
Жоғары жылдамдықпен кетіп бара жатқан көлік жүргізушісі полиция қызметкерлерінің тоқтау туралы талаптарына құлақ аспайды.
«Ізіне түскен кезде машина қала көшелерімен жоғары жылдамдықпен жүруін және жол ережесін бұзуын тоқтатпады. Көшелердің бірінде ол Тойота-Камри көлігімен соқтығысты. Ақырында полицияның Уаз маркалы арнайы көлігімен тосқауыл қою арқылы тоқтатылды», - делінген полиция таратқан хабарламада.
Алайда, полицейлердің бірі тоқтаған көліктің есігін ашқан кезде жүргізуші қайтадан жүріп кетіп, полицейді біраз жерге дейін сүйреп кеткен.
Пікір қалдыру