8 наурыз күні Елордада ашылған Mcdonald's мейрамханасын шетелдік БАҚ-тар күлкіге айналдыруда, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.
New York Post басылымы астаналықтардың Mcdonald's-тан дәм тату үшін кезекке тұрғанын кекетіп жазды.
Батыстық Интернет пайдаланушылар да бұл оқиғаны таң қала қабылдаған.
Ғаламторда пікір білдірушілердің дені «Бізге оларға (қазақтарға – ред.) кардиологтарды жіберу керек екен. Жүрек ауруымен ойнауға болмайды», «Борат қайда? Кезекте ол көрінбейді ғой», «Мен Mcdonald's-тан итімді де тамақтандырмас едім», - деп жазуда.
Естеріңізге салсақ, мейрамхана ашылған күні оған келушілердің қатары көп болып, ұзын-сонар кезек түзілген еді.
Пікір қалдыру