Шығыста «Жұлдызша» шайбалы хоккей турнирі басталды

/uploads/thumbnail/20170708230633686_small.JPG

Шығыс Қазақстан облысында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай мектеп оқушылары арасында шайбалы хоккейден «Жұлдызша» ІІІ облыстық турнирі басталды, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аймақтың әрбір аудан-қалаларынан келген 16 команда наурыздың 23-іне дейін бақ сынап, республикалық сайыста облыс намысын қорғайтын команда анықталады.

Бірінші болып мұз алаңына шыққан Өскемен және Семей қалалары арасындағы ойынды облыс әкімі Даниал Ахметов тамашалады.

Облыс тұрғындарына салауатты өмір мен хоккей ойынын насихаттаған Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Омар хоккей алаңына конькимен шықты. Турнирде бірінші ойынды өткізгейі тұрған екі команда капитандарына дәстүрлі түрде шайбаны тастап, «Жұлдызша» маусымын бастады.

– Біздің аймақ Қазақстандық хоккейдің отаны. Дәл осы мұз айдынында бағын сынап, жаттығып, облыстың кейін еліміздің намысын қорғаған бірнеше хоккейшілер шыққан. Сондықтан сіздерге де бүгінгі турнирде жеңіс пен сәттілік тілеймін, – дейді Жақсылық Омар мырза.

          Жалпы саны 16 команда қатысып отырған «Жұлдызша» турнирі наурыздың 23-іне дейін жалғасады. Артынша тағы «Торпедо кубогы» турнирі өтіп, жеңіске жеткен команда республикалық чемпионатта облыс намысын қорғауға жолдама алады.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар