Бүгін ҚР Парламентінің ҮІ шақырылымы жұмысын бастайды (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170708231242285_small.jpg

Шамамен 1 сағаттан кейін Парламенттің VI шақырылымы бірінші сессиясының ашылуына арналған қос палатаның бірлескен отырысы өтеді, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы 24.kz-ке сілтеме жасап.

Жиынға Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысады деп күтілуде. Әзірге белгілі болғандай, бірлескен басқосу аяқталғаннан кейін Мәжілістің жалпы отырысы өз жұмысын бастайды.

Айта кеткен жөн, 20 наурызда Мәжіліс және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауы өткен болатын. Оның қорытындысы бойынша төменгі палатаға «Нұр Отан» партиясынан 84, «Ақ жол» мен Қазақстан коммунистік халық партиясының әрқайсысынан 7 депутат, ал Қазақстан халқы Ассамблеясынан 9 депутат сайланды.

Осылайша, Мәжіліс толық құрамда жұмысқа кіріспек. Әрине 2 ай үзілістен кейін қарайтын заң жобалары жетерлік. Соның шінде «Ұлт жоспары» мен 5 институционалдық реформаларды заңдық тұрғыда қамтамасыз ету – басты міндеттің бірі. Қос палатаның бірлескен отырысын сағат 10.00-де арнамыздың тікелей эфирінен көре аласыздар.


 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар