Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасы Құрылтай депутаты болды

/uploads/thumbnail/20260826194328420_big.webp автор

«Respublica» партиясы Құрылтайға баратын депутаттар тізімін ресми түрде жариялады. Тізімге енген 9 өкілдің қатарында Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасы Махамбет Қабдолқайырұлы Хасенов бар.
Махамбет Хасенов 1975 жылы 7 қыркүйекте дүниеге келген. 1997 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «Халықаралық валюттік-қаржылық қатынастар» мамандығы бойынша аяқтаған. 2001–2002 жылдары Италиядағы ENI Corporate University оқу орнында «Энергетика және экологиядағы менеджмент пен экономика» (MEDEA) бағдарламасы бойынша білім алған. Еңбек жолында «Special Oil Projects» ЖШС мен «Әлмерек» мұнай базасының құрылтайшысы әрі бас директоры қызметтерін атқарған.
Сонымен бірге ол бұған дейін Алматы қалалық мәслихатының VI шақырылымының депутаты болған. Қазіргі уақытта Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасы қызметін және «Respublica» партиясы Орталық аппараты басшысының кеңесшісі міндетін атқарады. Партиялық тізім шешіміне сәйкес, ол Құрылтай депутаты мәртебесін алды.

Қатысты Мақалалар