Білім жүйесіне нақты қандай өзгерістер енеді? (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170709010323694_small.jpg

Елімізде жаңа оқу жылынан бастап 1 сынып оқушылары жаңартылған бағдарлама бойынша білім алады, - деп хабарлайды Qamshy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы Шымкентте мектеп директорларымен жүздескен Білім және ғылым министірінің орынбасары Такир Балықбаев айтты. Сала басшысы білім беру бағдарламасына енгізілген өзгерістер оқушының ой-өрісі мен қарым-қабілетін арттыруға тың серпін беретінін жеткізді. Қанатқақты жоба бұған дейін еліміз бойынша 30 мектепте сынақтан өткізілген. Оның екеуі –оңтүстікте. Жаңа талапқа сай білім алған оқушылар өз ойын сауатты саралап қана жаңа ақпараттық технологиямен жұмыс істеуді меңгеріп шығады. Сонымен бірге биыл ҰБТ-дан сүрінген түлектер сынақты ақылы негізде қайта тапсыруға мүмкіндік алып отыр. Такир Балықбаевтың айтуынша, елімізде жылына 20 мыңдай түлек қажетті балды жинай алмай қалады. Оған қоса кешенді тестілеуден 80%-ы сүрінеді. «Сондықтан білім саласындағы тың өзгерістердің барлығы жас ұрпақ пен жарқын болашақ қамы», - дейді педагогтар.

Шолпан Бейсенбаева, Шымкент қаласындағы М.Х.Дулати атындағы гимназия директоры:

- Бала өзін басқаша сезінуі керек. Баланың білімі тек қана жаттауда емес, баланың білімі функционалдық сауаттылықты арттыруы керек. Бала тек білім алмай, сол білімін тәжірибемен қалай байланыстырады, соған көп көңіл бөліп, сол бағытта жұмыс істеуіміз керек.

Такир Балықбаев, ҚР Білім және ғылым министрінің орынбасары:

- Биылғы жылы біз ҰБТ-ны табысты тапсыра алмай қалған жастар үшін тамыз айында қосымша тағы да тест өткізетін болдық. Тамыз айының басында арнайы комиссия республикалық арнайы мамандық бойынша гранттардың бәрін бөліп қояды. Сол себепті тамыз айында тапсыратын балалар ақылы түрде оқитын болады. Сондықтан біз оларға биыл ЖОО-ға түсуге тағы да бір мүмкіндік береміз.

 «Қамшы» сілтейді

 

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар