"Маңғыстаумұнайгаз" компаниясына 32 миллиард теңге айыппұл салынды

/uploads/thumbnail/20250113122500181_big.webp

Маңғыстау облысының прокуратурасы "Маңғыстаумұнайгаз" компаниясына 32 миллиард айыппұл салынғанын мәлімдеді.

Прокуратураның дерегінше, "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ-ның қызметінде ағынды суларды жер қойнауына жіберу, сондай-ақ тиісті шектеу орнатпай бұрғылау қалдықтарын жинақтаумен байланысты өрескел заң бұзушылықтар анықталды.

"Прокурорлар қолданған шаралар барысында соттың 2024 жылғы 4 желтоқсанда шыққан қаулысымен компания Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 328-бабымен (Қоршаған ортаға жол берілетін антропогендік әсер ету нормативтерін бұзу) әкімшілік жауапқа тартылып, 31 миллиард теңге көлемінде айыппұл салынды. Сот актісі заңды күшіне енді. Сонымен қатар мұнай жылыту пештерінен қоршаған ортаға ластаушы заттардың шамадан тыс шығарылу фактісі де анықталды", – делінген хабарламада.

Аталған факт бойынша былтыр 11 желтоқсанда компания қосымша әкімшілік жауапқа тартылып, 1,2 миллиард теңге айыппұл салынды.

 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар