Соттың мәліметінше, студент Telegram мессенджері арқылы тыйым салынған заттар қоймасына жұмысқа орналасқан.
Осыдан кейін оның атына Таиландтан Қазақстанға пошта арқылы 998 грамм кептірілген марихуана жіберілген.
2024 жылдың 6 тамызы күні студент өз атына келген сәлемдемені "Қазпошта" филиалынан алып кеткен. Ол есірткіні дозаларға бөліп, кейін сату мақсатында заңсыз сақтау үшін пәтер жалдаған.
Алайда сол күні-ақ оны полицейлер ұстап, үйін тінту кезінде 998 грамм кептірілген марихуана тәркіледі.
Сот үкімімен сотталушы Б кінәлі деп танылып, 8 жылға бас бостандығынан айырылды.
Пікір қалдыру