"Үкімет халықты аямайды" деп мәлімдеген депутат Парламенттен кетті

/uploads/thumbnail/20250116130529853_big.webp

Гаухар Танашева 2024 жылы 25 желтоқсанда, былтырғы парламент мәжілісінің соңғы отырысында " Халқын аямайтын үкіметтен тұратын мемлекетпіз, бұл тактиканы өзгертпей дамыған мемлекеттердің қатарына кірмейміз" деп мәлімдеген еді.

Танашеваның орынтағын босатқаны жөнінде әуелі Орталық сайлау комиссиясы ақпарат таратты. 

Соңғы ақпаратқа сәйкес, Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов бұрынғы әріптесі Гаухар Танашеваның отставкаға кетуіне қатысты түсінік берді.

Магеррамов Танашеваның Мәжілістен кетуі қандай да бір нақты себептерге байланысты емес екенін айтты.

  • Жоқ. Себебі – жаңа міндеттер. Ол (Гаухар Танашева – ред.) өз жұмысын істеді, әлеуметтік мәселелерді көтерді, енді жұмысшы мамандықтары бойынша жаңа міндеттер тұр. Бізде бұл бағытта өз көзқарасымыз бар, қалай жасау керегін білеміз. Дәл осы мәселемен депутат Нұралин айналысады, – деп жауап берді Магеррам Магеррамов.

 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар