Мұхтар Мағауиннің рухына арнап ас берілді

/uploads/thumbnail/20250116182110446_big.webp

Аптаның бейсенбі күні Алматыдағы қабылдау Үйінде Жазушылар одағы басқармасының ұйымдастыруымен Қазақстанның Халық жазушысы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, көрнекті тарихшы, қоғам қайраткері Мұхтар Мұқанұлы Мағауинді еске алуға арнаған ас берілді. Шара барысында жазушының 350 дана «Алтын орда» атты кітабы жұртшылыққа таратылды.

Алдымен халқымыздың ежелгі дәстүрі бойынша Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының наиб имамы Кенжеғазы марқұұмнаң рухына құран бағыштап, қадірменді ақсақал Сарбас Ақтаев ақ батасын арнаған. Қазақтың аса көрнекті классик жазушысы Мұхтар Мағауиннің рухына арналған асты Жазушылар одағының басқарма төрағасы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мереке Құлкенов ашып, Мұхтар Мағауин сынды сан қырлы тұлғаның шығармашылығы мен өмірі жайлы толғана айтып берді. 

Осыдан кейін күйші, композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Шәміл Әбілтай М.Мағауиннің рухына арнап шығарған күйін көпшілік назарына ұсынған. 

Мұхаңнын руқына арналған шара барысында ақын, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері,«Отан» орденінің иегері Нұрлан Оразалин,Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы, «Бибі-Ана» қайырымдылық қорының президенті Бибігүл Иманғазина, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, жазушы Тұрысбек Сәукетаев, әдебиет зерттеуші, филология ғылымдарының докторы, профессор Жанғара Дәдебаев, биология ғылымдарының докторы, профессор Блок Шәйкеновтар сөз алып, марқұмның күрдері де көрнекті шығармашылық ғұмыры турасында, қайталанбас еңбектері жайлы тебірене естеліктер айтты.

Дастархан басында Абай облысынан арнайы келген облыстық мәслихаттың төрағасы Шалқар Байбеков, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Абай атындағы облыстық әмбебап кітапханасының директоры Мерей Қарт сөз алып, жерлестерінің көңіл айтуын жеткізген. Аста сол сияқты жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы Жүсіпбек Қорғасбек, ақын, белгілі қоғам және мемлекет қайраткері Әміржан Қосанов, белгілі ақын, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Қорғанбек Аманжолов, жазушы, «Құрмет» орденінің иегері, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Нағашыбек Қапалбекұлы, Қазақстанның Халық әртісі, мемлекеттік сыйлықтың екі мәрте иегері, актер Досхан Жолжақсыновтар сөз алып, Мұхаңмен бірге өкткізген ұмытылмас сәттер жайлы жан тебірентер естеліктер айтты.

Астың соңына қарай осы шараны өткізуге демеушілік жасаған белгілі меценаттар Бекет Тұрғараев пен Медғат Құлжанов ортаға шығып, қазақтың тарихы мен әдебиетін, жалпы ұлт руханиятын өркендетуге өлшеусіз үлес қосқан дара тұлға жайында естелік айтып, қаламгердің екінші ғұмыры мәңгілік болатынына сенім білдірді. Мұхтар Мағауиннің ұлы – Мағжан иықтарына түскен ауыр жүкті бөлісіп, қайғыларына ортақтасқан қазақ халқына, асқа арнайы келіп көңіл айтып жатқан жұртшылыққа отбасы атынан алғысын жеткізді.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар