Жапон ғалымдары ұшқанда ашылып, ал жерге қонғанда қайтадан жинап қоюға болатын бүктемелі жер серігін жасап шығарды, - деп хабарлайды Qamshy.kz.
Бұл жер серігінің құрылымы күрделі болғанмен, жасалуы бүктеу, жинау қағидаларынан туған қарапайым идеяға негізделген. Радиотелескопты жер серігінің параболалық антеннасының диаметрі 10 метр болады. Антеннаның металл торы бүктеледі, ал жер серігі орбитаға жеткенде барып ашылады. Яғни, ғарыштық технологияның өнімі болып табылатын бұл жер серігі жерде ешқандай орын алмайды. Ғарыштық зерттеулер орталығы жасаған жер серігі бір уыс болып бүктелгенмен, ғарышта ашылғанда ірі мақсаттарда пайдаланылады.
Радиотелескопты бүктемелі жер серігін жасауда инженер ғалымдар жапон жиһаздарының орналасу тәртібін пайдаланған. Жапон үйінде артық зат болмайтыны баршаға белгілі. Ұлттық стильдегі қонақүйлердің өзінде көрпе-жастықты фусума деп аталатын жылжымалы ағаш есікті қабырғаның ішіне жинап қояды. Бөлмеаралық есіктер де жылжымалы болып келеді. Қонақ күткенде, аралық қабырға есікті ашып, бөлмені кеңейтеді. Дәстүрлі жапон үйінде көзге көрінер жиһаздың болмайтыны осындай жинақылық, тиянақтылық, ұқыптылық принципінен көреміз. 1997 жылы жасалған парабола антенналы жер серігі жерде ешқандай орын алмайды, тек орбитаға жеткенде ғана құлашын кеңге жайып, тиісті міндетін атқарады.
Шарафат Жылқыбаева