Алматы-Қапшағай арасында пойыз жүретін болды

/uploads/thumbnail/20170709035151518_small.jpg

Бүгін Алматыда «Solux Express» компаниясы Қапшағай-Алматы-Қапшағай бағытындағы темір жол желісін іске қосты, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

Пойыздың жүру уақыты - 1,5 сағат. Таңғы пойыз 06:30-да Қапшағай қаласынан Алматыға жүреді. Алматыға келген соң, таңғы сағат 08:40-та «Алматы-1» темір вокзалынан Қапшағайға қарай жол тартады. Ал, кешкі уақытта пойыз сағат 17:55-те Алматыға қарай жүреді. «Алматы-1» вокзалына келген соң, кешкі сағат 20:20-да кері қарай жолға шығып, Қапшағайға оралады.        

Темір жол құрамы толыққанды жабдықталған 5 жайлы вагоннан тұрады. 280 орынға шақталған және Wi-FI желісіне қолжетімді.

Әзірге пойыз тек жазғы мезгілде жүретін болады. Алдағы уақытта оны жыл он екі ай жүріп тұратын пойызға айналдыруды жоспарланған.

Айта кетейік, пойыз билеті - 600 теңге тұрады. Жеті жасқа дейінгі балаларға жол жүру - тегін.  

Қатысты Мақалалар