Көзіне ота жасап, оқты алу қыздың денсаулығына қауіпті деген дәрігерлер қыздың көзі көрмейтінін айтты, - деп хабарлайды Qamshy.kz Today.kz -ке сілтеме жасап.
Дәрігерлер қыздың денсаулығы ауыр халде екенін айтты. Олардың айтуынша, оның көз алмасы сақталған, алайда көз жанары зақымданған. Оқ әлі де оның көзі ішінде.
Қазір полицейлер оқиғаға қатысты күдіктінің іздестіріп жатыр.
Естеріңізге сала кетейік, оқиға 5 шілдеде сағат 22.00-де Алтынсарин көшесінде болған. 1998 жылғы жігіт кәмелет жасына толмаған қызға оқ атқаннан кейін оқиға орнынан із жасырған.