«Франция президенті Франсуа Олландтың шаштаразының жалақысы министрдің айлық табысымен бірдей» деп жазады «Le Point».
Оливье Б. мемлекет басшысының үнемі қасынан табылып, сапарларында бірге болады екен. Президенттің шаштаразы айына 9895 евро айлық алатын көрінеді.
Үкімет мүшелерінің айлығы 9940 евро болса, мемлекет басшысына 14 999 евро жалақы төленеді. Ал «Le Monde»-нің хабарлауынша, шаштараз бұдан бөлек тұрғынжайы үшін төлем алумен қатар оның отбасы бірқатар жеңілдіктерді пайдаланады екен.