Алматыдағы барлық қару-жарақ дүкендері белгісіз уақытқа дейін жабылды, - деп хабарлайды Qamshy.kz.
Қазақстандағы "Қорамсақ" қару-жарақ ассоциациясының вице-президенті Сергей Катновтың айтуынша, барлығы да күшейтілген күзеттің қарамағында.
Айта кетейік, Абай даңғылы мен Байзақов көшесінің, Абылай хан мен Төле би көшесінің және Құрманғазы-Шәріпов көшелерінің қиылысында атыстар болып, зардап шеккендер бар.