Қазақстандық телеарналар ашылмай тұр

/uploads/thumbnail/20170709041421552_small.jpg

Қазақстандық телеарналар жабық, - деп хабарлайды Qamshy.kz. Жұрт «сәләфиттерден» қауіптенуде...

Алматының бірнеше жерінде атыс болып жатыр. Гогол мен Сейфуллин, Абай мен Байзақов, Байтұрсынов пен Қарасай батыр көшелерінің қиылысында қолына қару алған адамдар бейбіт тұрғындар мен полицейлерге оқ жаудырды делінген видео, фотолар вацапта таралуда. Алматы қалалық ІІД қалада террорлық қауіптің қызыл деңгейі енгізілгенін хабарлады.

Дәл қазір Қазақстандық телеарналардың барлығы дерлік жабық. Жұрт алаңдаулы. Террористер кім? Олар не үшін қару алып көшеде жүр? Қандай мақсатты көздейді? Бұл сұрақтардың жауабы жоқ. Қарапайым халық елімізде «тежеусіз» кеткен «салафизм» мен «уахабизм» ағымдарының өкілдерінен күдіктенуде. Мұндай қауіп бұрын да айтылған, қазірде айтылуда. Егер дер уақытында тоқтау салынбаса ертеңгі күніміздің әрбір таңы да қорқынышпен атары сөзсіз. Өйткені олар аз емес. Кез келген уақытта мемлекеттің іргесін шайқалтуға, тыныштығын бұзуға «дап-дайын». Бейресми дереккөздері «сәләфизм» өкілдері еліміздің күштік құрлымдары мен билік орындарында тізгіндеп алғанын айтады.

Қатысты Мақалалар