«Алматы - 1» вокзалы қоршауға алынды

/uploads/thumbnail/20170709041430520_small.jpg

Алматыда «Алматы - 1» темір жол вокзалын қоршауға алды, - деп хабарлайды Qamshy.kz. Бұл туралы куәгерлер әлеуметтік желілерде жазуда.

Желіде вокзалдағы өрт туралы және жарылғыш заттың болуы мүмкін деген хабарлама тарап кетті.

ТЖД өрт туралы ақпаратты жоққа шығарды. Жарылғыш зат туралы ресми мәлімдеме әлі жасалған жоқ.

Бүгін, 18 шілде күні,  Астана уақытымен 12:20-да Алматы қаласының аумағында террористік қауіптіліктің қызыл деңгейі белгіленді, деп хабарлады қалалық ІІД баспасөз қызметі.

«Осыған байланысты, қала тұрғындары мен қонақтарын аталған деңгейде қарастырылған талаптарды сақтауға шақырамыз», - делінген хабарламада.

Қатысты Мақалалар