Түркиядағы төңкеріске Ресейдің Су-24 ұшағын атып түсірген пилот қатысқан

/uploads/thumbnail/20170709041727226_small.jpg

Түркиядағы төңкеріске Ресейдің Су-24 ұшағын атып түсірген пилот қатысқан, - деп хабарлайды Qamshy.kz  РИА Новости -ға сілтеме жасап.

Анкара мэрі Мелих Гекчектің мәлімдеуінше пилот АҚШ-та тұратын Фетхуллах Гюлен ұйымының мүшесі екен. Анкара мэрі CNN Turk телеканалына берген сұхбатында  «Параллель мемлекет» аталатын ұйымды айыптады. Оның ойынша, осы ұйым Ресеймен қатынасты бұзуға себеп болған. Грециияның ERT телеканалының хабаралуынша, бұл елге Түркиядан әскери тікұшақтар келіп қонған. Тікұшақтан шыққан әскерилер саяси баспана сұраған. Бұл іс Греция СІМ-не берілген. Түркия  премьер-министрі Бинали Йылдырым БАҚ арқылы жасаған мәлімдемесінде көтеріліске қатысты 2,8 мың адамның тұтқындалғанын хабарлады.

Қатысты Мақалалар