Археологтар Эгей теңізінен 23 кеме тапты, - деп хабарлайды Qamshy.kz.
Олардың арасындағы ең құндысы архаикалық дәуірге жататын грек кемесі екен. Саутгемптон университетінің ақпарат көзінің хабарлауынша іздестестіру жұмыстары биылғы жылдың маусым–шілде айларында жүргізілген. Біздің заманымызға дейінгі 525-480 жылдарға жататын кемелермен қатар 1750-1850 жылдар аралығындағы су көліктері де Эгей теңізінің түбіне шөккен. Кеме ішінен шыққан жәдігерлер қазір зерттелу үстінде.