Ойлашы, жас күніңде қандай едің?
Өзің теңдес қыздардың маңдайы едің.
Көп қыздар бір лап етер шырпы болса,
Ішінде жанып тұрған шамдай едің.
Ойлаймын, ол кезде мен қандай едім?
Бір жұмбақ шешілмеген сандай едім.
Өзіңмен дос боп бірге жүргенімде,
Арманға қолы жеткен жандай едім...
Кіршіксіз кезіміз ғой – бала бейне,
Қалыпсың жүрегімде дара бейне.
Үйленіп бала сүйіп, ес кірсе де,
Сағынып сол кезді еске алам кейде.
Өзіңді бір көруге асығушы-ем,
Өзгеден бұл сезімді жасырушы-ем.
Қасына Серікгүлдің еріп алып,
Көзіме оттай ыстық басылушы-ең.
Дегендей-ақ басқадан бақ табалық,
Жүректің өз қалауын сақтары анық.
Қимас сезім жүрседе жанды қинап,
Әдебінен достықтың аттамадық.
Кездерің-ай, қолдап мені силайтының,
Мен шалқып кең дүниеге симайтынмын.
Ойлаушы-ем дәл осылай жүре берсек,
Өзге түгіл сені өзіме қимайтынмын.
Уақыт бірақ оған қаратпады,
Сен– Толы, ме– Қобыққа ары аттадым.
Арада қимас сезім– достық қалды,
Бақытты ет жан досымды жаратқаным.
Басқа жан бас ауыртып мойын бұрмас,
Досың жақсы өмірде болса сырлас.
Басқа достық білмеймін тұрар-тұрмас,
Қыз-жігіттің достығы ұмытылмас.
Нұрбақыт Байрахметұлы