АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАРЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САММИТ КӨРМЕСІНЕ ҚОЙЫЛДЫ

/uploads/thumbnail/20260423093032472_big.webp Фото: «Abai University» медиа орталығ

Бүгін Астана қаласында Мемлекет басшысыҚасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Өңірлік экологиялық саммиті өз жұмысын бастады. БҰҰ, бір-біріне жақын өңірлік ел басшылары және басқа да халықаралық ұйымдармен бірге ұйымдастырылған диалог алаңы – экожүйелерді, су және жер ресурстарын қорғауға, Орталық Азия өңірінің биоалуантүрлілігін сақтауға бағытталған. Саммит аясында ұйымдастырылған «RES 2026 EXPO» халықаралық көрмесіне Абай университетінің делегациясы арнайы қатысып, ғалымдардың экологиялық тың жобаларын жиналғандардың назарына ұсынылды.

Өңірлік экологиялық саммиттің пленарлық отырысына Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Армения, Түрікменстан, Моңғолия және Грузия мемлекеттерінің президенттері қатысып, сөз сөйледі. Сондай-ақ, маңызы жағынан ауқымды саммитке БҰҰ мен жетекші халықаралық ұйымдардың (ЕҚҰЫ, ЭҰЫ, ЭЫДҰ, ТМҰ, ШЫҰ, ЕЭК, ИСЕСКО, АӨСШК, т.б.)  және қаржы институттарының (АДБ, ЕҚҚДБ, Дүние жүзі банкі, Ислам даму банкі) өкілдері де келген.

Пленарлық отырыста ҚР Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия елдерінің экологиялық сын-қатерлермен бетпе-бет келіп отырғанын жеткізді.

– Елдеріміз тұтас экожүйеде өмір сүреді. Өзен-көлдер де, табиғи ландшафттар да, климаттың қауіп-қатерлері де баршамызға ортақ. Ең бастысы, жауапкершілікті теңдей бөлісеміз. Орталық Азия мен көршілес аймақтар ұқсас экологиялық сын-қатерлерге тап келді. Атап айтқанда, су тапшылығы мен су ресурстарын тиімсіз басқару, шөлейттену, мұздықтардың еруі, ауаның ластануы және биоалуантүрліліктің жойылу қаупі. Мен ең негізгі сын-қатерлер мен проблемалардың мәнін ашып, әдейі түстеп отырмын. Өйткені күш жұмылдыру арқылы аталған мәселелерді шешуде оң нәтижеге жетеміз. Бұған кәміл сенемін, – деді Президент.

Саммит аясында ұйымдастырылған көрмеге Абай атындағы ҚазҰПУ Басқарма Төрағасы-РекторБолат Тілеп, Зерттеу қызметі және инновация жөніндегі проректор Е.Сұлтан қатысты. Мәртебелі қонақтарға Абай университетінің ғылыми жобаларын Жаратылыстану және география факультетінің деканы Күләш Каймулдинова, Биология кафедрасының қауымдастырылған профессор м.а. Махаббат Аманбаева, Химия кафедрасының қауымдастырылған профессоры Ербол Тілеуберді, Инновациялар және нанотехнологиялар зертханасының жетекшісіВиктор Лысенко таныстырды.

Көрмеде «Abai University: Тұрақты даму жолында» тақырыбында 5 жоба таныстырылды. Оның ішінде электронстанция, жасыл университет, экоклуб және құм-топырақты жыныстардан мұнайды бөлуге арналған жылжымалы қондарғыбар. «Баламалы электростанция» жобасы алыс объектілерді электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін түрлі қуаттылықтағы экологиялық таза баламалы электр станцияларын құруға бағытталған.

«Green University»  тұжырымдамасы маңызды экологиялық іс-шараларды, энергия тиімділігін арттыруды, экологиялық білім беру бағдарламаларын енгізуді, аумақты көгалдандыруды және жақсартуды, жасыл технологияларды енгізуді және басқа да бағыттарды қамтиды. Ал «Biohumus» жобасы зерттеу калифорниялық қызыл құрттарды пайдалану арқылы органикалық қалдықтардан биогумус өндіру үдерісін қарастырады.

Сонымен қатар, университеттің студенттік «Аяла» экоклубы таныстырылды. Бұл ұйым –экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, тұрақты ойлауды дамытуға және университет пен қоғам деңгейінде өзекті экологиялық проблемаларды шешуге бағытталған білім алушылардың ерікті бірлестігі. Мұнай шыламдарын және мұнаймен ластанған топырақты залалсыздандыра отырып, жыныстардан мұнайды бөлуге арналған«Жылжымалы қондырғы» ғылыми жобасы да келушілердің назарын қызығушылығын туғызды.

Өңірлік экологиялық саммит жұмысы 24 сәуірге дейін жалғасады. Халықаралық жиын қорытындысында өңірдің экожүйесіне қатысты тың бастамалар қабылданады деп күтілуде.

 

«Abai University» медиа орталығы

 

Қатысты Мақалалар