Алматының қақ ортасында жалғыз өзі қанды қырғын жасаған Руслан Күлікбаев ауруханадан шығарылып, тергеу абақтысына қамалды. Қылмыскердің бұған дейін Алматы облысындағы Ынтымақ ауылында тұрып келгені туралы айтылған, - деп хабарлайды Qamshy.kz 31-арнаға сілтеме жасап.
Куликбаевтың жұбайының туған-туыстары ә дегеннен сұхбат беруден үзілді-кесілді бас тартты. Содан кейін ғана үйдің келіні Русланның отбасымен мүлде байланысты болмағанын жеткізді. Ынтымақ ауылында ертеректе оның әпкесі тұрыпты. Қазір ол Қызылорда облысына көшіп кеткен көрінеді. Руслан жайлы үйдің көршілері де мардымды ештеңе білмейтін болып шықты. Тіпті көрмеген де. Камерадан өзінің жүзін жасыруды сұраған келіншек, Куликбаевпен араласуға күйеуінің тыйым салғанын айтады.
- Менің күйеуім "разрешение" бермеді Русланмен араласуға. Вообще сөйлеспеңдер деді. Біз араласқан жоқпыз. Менің енеммен сөйлесіп тұрады.