БАҚ: Ердоғанды өлтірмек болғандар тау ішінде жасырынып жүр

/uploads/thumbnail/20170709042058088_small.jpg

Түркияның  курорттты қаласы Мармаристе Президент Ердоғанды өлтірмек болғандарды іздеу операциясы басталды. Бұл туралы  «Интерфакс» агенттігі хабарлайды. Мәліметтерге қарағанда бұндағы  әскерилер саны 25, олардың меншігінде 2 тікұшақ бар. Ердоғанға қастандық жасамақ болған әскерилер курортты аймақтағы тау ішінде жасырынып жүрген көрінеді.

Түркияда өткен аптада жұмадан сенбіге қараған түні болған әскери төңкеріс кезінде Ердоған отбасымен Мармаристе демалып жатқан болатын. Ел басшысы шабуыл жасалуына бірнеше минут қалғанда қонақүйді тастап қашқан. Шабуыл кезінде күзетшілер мерт болған. Түрік билігі жаппай тәртіпсіздіктердің орын алуына ислам уағызшысы Фетхуллаха Гюленді кінәлі деп тануда. Ол 1999 жылдан бері АҚШ-та тұрып жатыр.

Қатысты Мақалалар