Мұхамедиұлы терроризммен күресу үшін қажылықты да қадағалау керектігін айтады (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170709042101667_small.JPG

Елдің Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы терроризммен күресті күшейту үшін қажылық тәртібін қадағалау керек дейді. Бүл туралы Qamshy.kz 31-арнаға сілтеме жасап  хабарлайды. 

Алматыдағы терактіден кейін енді қажылыққа бару қиындап қалатын сияқты. Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мемлекет қажылық тәртібін қадағаласа кешегіндей қанды қақтығыстардың қайталанбайтынына сенімді. Тіпті, бұл ұсынысын министр үкімет мүшелерінің алдында жайып салды. Ал Ішкі істер министрі жалғыз өзі алты адамды қырып салған қаскөй негізінен судьяларға оқ атқысы келген деп отыр.

Кеше ғана түнделетіп Алматыға ұшқан министр бүгін бас қалаға қайтуға мәжбүр болды. Себебі Қалмұхамед Қасымовтан есепті премьер-министрдің өзі талап етті. Алматыдағы қақтығыс хронологиясынан кейін министр аузынан террористің кім екенін білдік. Алматылық «атқыш» спортсмен болып шықты. Кикбоксингпен айналысқан 26 жастағы жігіт екі рет сотталып, түрмеде салафиттермен достасқан. Алайда министр оның оқ атуына сенімі емес, судьялар себеп болды дейді.

ҚАЛМҰХАМЕД ҚАСЫМОВ, ҚР Ішкі істер министрі:

-Первая мысль была убить судей. Что его неправильно осудили. Зачем ты в гражданского стрелял?! Он считает что он полицейский. Зачем ты убил на Абая человека? Он говорит он показал документ, пытался меня остановить, я его расстрелял. 

Алматының төрт жерінде атыс ашқан атқыштың жалғыз болғанына көп жұрт күмәнмен қарайтыны рас. Бірақ министр екінші террористің болмағанын тағы айтып сендірді.

ҚАЛМҰХАМЕД ҚАСЫМОВ, ҚР Ішкі істер министрі:

- Екінші адам біз ойлағанымыз, сол қылмыскер водительды ұстап әкелген, біз соны қасында жүрген деп ойлағанбыз. Сосын оны ұстаған соң айттық екінші адам табылды деп.

Қасымов лаңкесті «кек алды» десе, мәдениет және спорт министрі атқыштың сеніміне алаңдаулы. Арыстанбек Мұхамедиұлы кез келген жерде сатылатын діни кітаптарды толық тексерістен өткізіп, шет елден тек бір дана діни кітап әкелуге рұқсат ету керек дейді. Қажылыққа  шығушыларды шектеу мәселесі де қаралатын сияқты.

АРЫСТАНБЕК МҰХАМЕДИҰЛЫ, ҚР Мәдениет және спорт министрі:

- О туристской деятельности в РК", которые позволят министерствам по инвестициям и развитию, культуры и спорта определять порядок выезда граждан Казахстана на религиозное паломничество в зарубежные страны, в том числе хадж и омру. Таким образом, мы существенно сократим возможности для "заражения" наших граждан радикальной идеологией в период их пребывания в паломничестве за рубежом.

Ұсынысын айтқан Мұхамедиұлы ғана емес. Қайталанып кеткен қақтығыстардан кейін әуежайлар техникамен жабдықталып, камералар көбейтілмек. Террористерді түрмеге қамау мерзімі ұзартылады.

ӘЛИЯ ӘШІМ, тілші:

Ал кеше ұсталған 26 жастағы Руслан Куликбаев темір тордан қорықпайтын сияқты. Себебі министрдің өзі атқыштың қашып кетуіне мүмкіндік болды деп отыр. Себебі Алматының төрт жерінде ойран салған бір адам екенін полицейлер білмеген. Тек лаңкес әдейі жол ережесін бұзып, барынша жұрт назарын аудармақ болған көрінеді. 

Қатысты Мақалалар