Алматы полициясы қанды-қырғын жасаған Күлікбаевтың соңғы уақытта жалдап тұрған пәтерін тексерді, - деп хабарлайды Qamshy.kz ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Күдіктінің жалдамалы пәтерін тексеру барысында барлық қауіпсіздік шаралар сақталған және тыйым салынған қауіпті зат табылмаған.
-Күдікті Күлікбаев тұрған көппәтерлі үйдің тұрғындары эвакуацияланды. Территория қоршауға алынып, қауіпсіздік сақталды. Тексеріс барысында қолға түскен күдіктінің жалдамалы пәтерінен қауіп төндіретін тыйым салынған заттар табылмады, - дейді ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Күлікбаевқа қатысты ҚР ҚК 99 бабы, 2 бөлімі, 269 бабы, 2 бөлімі, 380 бабы, 2 бөлімі, 255 бабы, 4 бөлімі, 291 бабы, 1 бөлімі, 200 бабы, 4 бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда. Берілген фактілер Алматы қаласы Алматы аудандық ІІБ және Алматы қаласы бойынша ҰҚКД сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне тіркелді.
Жүргізушіге қарақшылық шабуыл жасау және әйел адамды өлтіру фактісі ҚР ҚК 99 бабы, 1 бөлімі және 192 бабы, 2 бөлімі бойынша тергелуде. Көрсетілген қылмыстарды тергеу мақсатында мекемеаралық тергеу тобы құрылды.